Басты жаңалықтар

Астанада бұқаралық жүгіру 10 қазанда өтеді: 6,2 шақырымға 1800 адам қатысады

Астанада 10 қазанда «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында жазғы жүгіру маусымының жабылуына орай бұқаралық жүгіру өтеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Жарыс «Триатлон паркінде» сағат 09:00-де басталады. Қатысушылар 6,2 шақырым қашықтықты жүгіріп өтеді. Жарысқа 16 жастан асқан азаматтар қатыса алады, ал қатысушылар саны 1800 адаммен шектелген.

Тіркеу 8 қазанда сағат 09:00-де reg.elordasport.kz сайтында басталады. Старт нөмірлері 9 қазанда сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін «Триатлон паркінде» беріледі. Ұйымдастырушылар жарыс күні, яғни 10 қазанда офлайн тіркеу болмайтынын ескертті: стартқа тек алдын ала тіркелген қатысушылар жіберіледі.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button