Басты жаңалықтарСаясат
Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы Астанада өтеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды.
Ақорданың мәліметінше, жиын 23-24 қыркүйек күндері Астанада өтеді.
Мемлекет басшысының 22 қыркүйекте қол қойған №331 өкіміне сәйкес, алғашқы сессияны ұйымдастыру Қазақстан Халық Кеңесінің Хатшылығына жүктелді.
Құжат «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық заңның 7-бабының 2-тармағына сәйкес қабылданды.



