Қоғам
Астанада көмір: қайдан сатып алуға болады және қазір қандай бағамен сатылады
Астанада тұрғындарға арналған 14 көмір сату орны мен 10 қойма жұмыс істейді. Аталған нысандар тиеу-түсіру техникасымен және қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген, көмір сатумен 8 компания айналысады.
Астанада көмір сататын орындар — мекенжайлар тізімі
Көмір сату пункттері мына мекенжайларда орналасқан:
- Герцен көшесі, 4/1
- Герцен көшесі, 6/2
- Көктал көшесі, 28/2
- Мақат көшесі, 40
- Жамбыл Жабаев көшесі, 76
- Дулатов көшесі, 182/1
- Мақат көшесі, 4/1
- 70-проезд, № 9А
- ЖЭО-2
- 101-көше, 30Б
- Литейная көшесі, 44
- Көктал көшесі, 28
- Герцен көшесі, 6Б
Астанада көмір бағасы мен байланыс — қандай маркалар қанша тұрады
Бүгінгі орташа бағалар келесідей: Шұбаркөл — тоннасына 19 500 теңге; Қаражыра — тоннасына 18 800 теңге; Майкүбі — тоннасына 16 800 теңге.
Көмір қоры, бағасы және сату орындарындағы қолжетімділік туралы жедел ақпарат алу үшін тұрғындар 109 қысқа нөміріне хабарласа алады.
Дереккөз: gov.kz



