Қоғам
Астаналық спортшылар: Көшпенділер ойындарында жеті спорт түрінен бақ сынайды
Қырғыз Республикасында VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өтуде. Қазақстан ұлттық құрамасы құрамында Астана қаласының 13 спортшысы жеті спорт түрі мен дисциплинасы бойынша қатысады.
Астана спортшылары: Көшпенділер ойындарындағы жеті спорт түрі
- Дәстүрлі садақ ату: Қасымхан Қанат, Айкөркем Батихан.
- Жорго салыш (11 шақырымдық ат жарысы): Әлия Тоқтасынова, Наиля Советхан, Анатолий Шабаев, Вероника Румянцева (қосалқы спортшы).
- Мангала (тоғызқұмалақ): Гүлнәр Базаралиева, Құндыз Есіркеп, Биғали Зікрияев.
- Таяқ тартыш (мас-рестлинг): Арман Әмірбаев.
- Жілік сындыру: Әмірбек Жұмәділ.
- Гореш (ұлттық күрес): Мадияр Абрахманов.
- Тайган жарыс (тазы жарысы): Алмас Оралбек «Сағым» атты тазысымен.
Ойындар туралы және Қазақстан құрамасының көрсеткіші
Ойындардың салтанатты ашылуы 31 тамызда Бішкек қаласында, жабылу рәсімі 6 қыркүйекте Шолпан-Атада өтеді. VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары бағдарламасына ұлттық және дәстүрлі спорт түрлері бойынша 43 дисциплина енгізілген, Қазақстан олардың барлығында бақ сынап жатыр.
Қазақстан ұлттық құрамасында барлығы 152 спортшы мен 49 жаттықтырушы бар. Көшпенділер ойындары 6 қыркүйекке дейін жалғасады.
Дереккөз: gov.kz


