Қоғам
Таза Қазақстан: Астаналық мұғалім мектеп ауласын сурет пен қолөнермен көркейтіп жатыр
Елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлағандай, Астана қаласындағы №33 жалпы орта мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Мухамеджанов Әлімжан «Таза Қазақстан» жобасын қолдап, мектеп аумағын әсемдеуге үлес қосып келеді.
Ұстаз мектеп қабырғасына жобаның идеясы мен мәнін көрсететін сурет салып, пайдалануға жарамсыз пластик бұйымдардан сәндік ағаштар жасап шығарды. Осы әрекет арқылы білім ордасын ерекше шығармашылық кеңістікке айналдырды.
Педагогтың бастамасы оқушыларға қоршаған ортаны қорғаудың, тазалықты сақтаудың және тұрмыстық қалдықтарды қайта пайдаланудың маңызын көрсетеді. Мұндай шығармашылық іс-шаралар мектеп жастарының экологиялық мәдениетін қалыптастырып, туған жерге қамқорлық танытуға үндейді.
Дереккөз: gov.kz



