Қоғам

Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына музыкалық челлендж елордада басталды

Бүгін, 15 тамызда елорданың мәдениет қайраткерлері қазақтың көрнекті композиторы Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай оның шығармашылығына арналған музыкалық челлендж өткізуді бастады. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Қатысушылар композитордың танымал әндерін орындап, қысқа бейнежазбаларды әлеуметтік желілерге салуда. Олар музыкалық тапсырмаларды бір-біріне жолдап, челленджті жалғастыруда.

Шараның мақсаты – Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығын әр буынға таныту және оның өнерындағы маңызын көрсету. Композитордың туындылары қазақ музыкалық мәдениетінің айтарлықтай бөлігін құрайды.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button