Басты жаңалықтарҚоғам
Trending

«Отбасы Time»: Астана күні қарсаңында отбасылық фестиваль өтеді

Астанада қала күніне орай, 5-6 шілде күндері «Жетісу» саябағында елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған «Отбасы Time» отбасылық фестивалі өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара қоғамдық кеңістіктерде отбасылық демалыс мәдениетін дамытуға, балалар мен жастардың шығармашылық белсенділігін қолдауға және елорда тұрғындарына мазмұнды мәдени-танымдық бағдарлама ұсынуға бағытталған.

Фестиваль бағдарламасында балалар мен ата-аналарға арналған шығармашылық шеберлік сабақтары, интерактивті ойындар, анимациялық бағдарлама, концерттік қойылымдар, би және цирк нөмірлері бар.

Сонымен қатар ашық аспан астында қазақ мультфильмдерінің көрсетілімі ұйымдастырылып, балалардың шығармашылық және танымдық қабілетін дамытуға арналған тақырыптық аймақтар жұмыс істейді.

Іс-шара аясында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған интерактивті форматтар ұсынылады. Қатысушылар қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау, қалдықтарды сұрыптау және экологиялық әдеттерді меңгеру тақырыптарымен таныса алады.

Фестиваль Астана күніне арналған мерекелік мәдени бағдарлама аясында ұйымдастырылып, барлық жастағы елорда тұрғындары мен қонақтарына ұсынылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button