Басты жаңалықтарМәдениет
Trending

«Астана Балет» XIII театр маусымын «Алтын гүл» балетінің премьерасымен жапты

«Астана Балет» театрының сахнасында қазақ халқының тарихы мен мәдени мұрасын дәріптейтін «Алтын гүл» ұлттық балетінің премьерасы өтті.

Қойылым идеясына б.з.д. III-II ғасырларға жататын, Теңлік қорғандарынан табылған, қызғалдақ бейнесі бедерленген алтын пластина арқау болған. Осы тарихи жәдігердің негізінде дала қызғалдағының сұлулығынан шабыт алған зергердің тағдыры баяндалады.

«Алтын гүл» қойылымында классикалық балет, неоклассика мен заманауи би бағыттары ұштастырылды. Премьерада ұлттық құндылықтар ұлықталып, адам мен табиғаттың үйлесімі, ұрпақтар сабақтастығы көркем түрде бейнеленді.

Қойылымның бас балетмейстері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мукарам Авахри. Балет музыкасын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ренат Ғайсин жазған. Либретто авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Қайырбеков. Ал әртістердің болмысын суретші Әйгерім Алтыбасарова әзірлеген сахналық костюмдер аша түсті.

«Астана Балет» XIII театр маусымын «Алтын гүл» балетінің премьерасымен қорытындылап, көрерменге ұлттық мәдени мұраны заманауи сахна тілімен жаңаша танытты.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button