Басты жаңалықтар

Туризм саласының өкілдері «Таза Қазақстан» акциясы аясында Астананың тазалығына атсалысты

Астанада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, патриоттық құндылықтарды дәріптеуге және қоршаған ортаға құрметпен қарауға бағытталған ауқымды тазалық айлығы жалғасып жатыр. Қаланың туризм саласының өкілдері «Амстердам» гүлзарында тазалық акциясын өткізіп, аумақты ретке келтірді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараға «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығы» ЖШС мен елорда әкімдігі ұйымдастырушылық қолдау көрсетті.

Экологиялық акцияға Астананың қонақ үй және мейрамхана бизнесі саласындағы шағын және орта бизнес субъектілерінің 70-тен астам өкілі қатысты. Қатысушылар арасында «Astana Saad Hotel», «The Veil», «Ramada», «The Ritz-Carlton Astana», «Wyndham Garden», «The One» қонақ үйлері, сондай-ақ «Om», «Shate», «KoktemFriends», «Qazaq Gourmet», «Aula» және «Zebra» мейрамханалары бар.

Олар қоғамдық орынды жинау, абаттандыру және қалалық ортаның тазалығын сақтау жұмысын өткізді.

Мұндай бастамалар қала мен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастырудың маңызды бөлігі болып саналады, сондай-ақ бизнестің Астананы дамытуға әлеуметтік тұрғыдан белсенді араласуының жоғары деңгейін көрсетеді.

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы экологиялық іс-шаралар мемлекеттік құрылымдар, бизнес-қоғамдастық және қала тұрғындары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға септігін тигізеді, сондай-ақ оларды таза, жайлы әрі заманауи қалалық ортаны құру идеясы біріктіреді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button