Басты жаңалықтарЭкономика

Qazaq Air әуекомпаниясының ұшақтары VietJet Kazakhstan жаңа брендімен ұшатын болады

«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақупов 2025 жылғы 6 мамырда Қазақстан мен Вьетнамның іскерлік дөңгелек үстелі аясында Qazaq Air әуе компаниясының атауын өзгерту жоспарлары туралы мәлімдеді, деп жазады Zakon.kz сайты.

Ол бұл мәміленің жекешелендірудің кешенді жоспары аясында жүзеге асқанын айтты.

«Сатушы болып SOVICO Group компаниясы шықты. Барлық шарттар орындалды, төлем алынды, акциялар инвестордың жеке есепшотына берілді… Сонымен қатар, SOVICO Group пен VietJet Air компанияларының Qazaq Air компаниясын жаңа VietJet Kazakhstan брендімен басқаруға және операциялық қызметке қатысу ниетін жоғары бағалаймыз. Бұл аймақтық маршруттық желіні кеңейту көлік байланысын нығайтып, жаңа экономикалық өсу нүктелерін құруға мүмкіндік береді», – деді ол.
Оның айтуынша, вьетнамдық әріптестердің авиация саласына қатысуы екі ел арасындағы достық экономикалық қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал ететін болады.

Бұған дейін Вьетнамдық компания Қазақстанда әуежай сатып алмақшы екенін хабарланған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button