Астанада күндізгі ауысымда қар тазалауға 2,7 мыңнан аса жол жұмысшысы шықты
Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режиміндегі жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
9 желтоқсандағы күндізгі ауысымда қала көшелерін қар мен мұздан тазалауға 2,7 мыңнан астам жол жұмысшысы мен 1,2 мыңнан астам арнайы техника шығарылды.
8-інен 9 желтоқсанға қараған түнде қар полигондарына 9 мың текше метрден астам қар 776 ауыр жүк рейсімен шығарылды.
Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 78 425 рейспен 919 мың текше метр қар шығарылды.
Ережеге сәйкес, ең алдымен, қалада кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс учаскелері тазаланады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. орындар қардан тазартылады.
Орталық көшелерде, жолаушылар көлігі маршруттарында, аялдамалар мен тротуарларда тазалау басымдыққа ие.
Елордада бірнеше жабдықталған қар полигондары жұмыс істейді. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, онда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарлардан бас тартуды сұрайды.
Төтенше жағдай туындаған кезде “112” телефонына хабарласыңыз.