Басты жаңалықтарМәдениет
Trending

Түркістан 2027 жылғы Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды

Бұл бастама Қазан қаласында өтіп жатқан ИСЕСКО Бас конференциясының 15-сессиясында көтерілді, деп жазады Kazinform агенттігі.

2026 жылғы 13-14 мамыр күндері ұйымдастырылған жиында қатысушылар ұйымның 2020-2025 жылдардағы қызметін қорытындылап, 2026-2029 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын қарастырды.

Конференция барысында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Рустам Әли Қазақстанның ислам әлемі мәдени мұрасын дамыту бағытындағы жетістіктеріне тоқталды.

– Соңғы жылдары ИСЕСКО-ның Ислам әлемі мұралары тізіміне Қазақстаннан «Тоғызқұмалақ» дәстүрлі ойыны, «Ою-өрнек» сәндік-қолданбалы өнері және «Қармақшы жыраулары» ауызша поэзия мектебі енгізілді, – деді Рустам Әли.

Сонымен қатар қазақстандық тарап 2026 жылы Алматы қаласында Әл-Фараби мұрасына арналған II халықаралық конференция өтетінін жариялады.

Аталған іс-шара ИСЕСКО ұйымымен бірлесіп ұйымдастырылады.

Айта кетейік, ИСЕСКО Бас конференциясы төрт жылда бір рет өткізіледі. Биылғы форумға ұйымға мүше 53 мемлекеттің өкілдері қатысып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button