Мәдениет

«Sarapshy» медиа жобасына өтінім қабылдау 2 қазаннан басталады: 25 қатысушы іріктеледі

Қазақстандық қоғамдық даму институты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Sarapshy» медиа жобасына өтінім қабылдауды бастады. Жоба сарапшылардың медиадағы белсенділігін арттырып, оларды кең аудиторияға таныстыруға бағытталған. Өтінімдер 2026 жылғы 2-11 қазан аралығында қабылданады.

«Sarapshy» жобасында қатысушылар не үйренеді

Қатысушылар бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеуді, камера алдында сөйлеуді, ашық пікірталасқа қатысуды және өз ойын ақпарат кеңістігінде сауатты жеткізуді меңгереді. Курста мәдениет, қоғамдағы мінез-құлық пен әдепке қатысты өзекті мәселелер қарастырылады.

Бағдарламаға мынадай тәжірибелік сабақтар кіреді:

  • БАҚ-пен және камера алдында жұмыс істеу;
  • сұхбат беру;
  • сараптамалық пікір әзірлеу;
  • көпшілік алдында сөйлеу;
  • әлеуметтік желілерде сараптамалық контентті ілгерілету.

Дәрістерді тәжірибелі журналистер мен медиатренерлер жүргізеді.

Жобаға қатысуға қойылатын талаптар

Үміткерлер мынадай талаптарға сай болуы тиіс:

  • мінез-құлық психологиясы (бихевиористика), әлеуметтану, жалпы этика, технологиялар этикасы (Digital Ethics), антропология, этнология, мәдениеттану немесе урбанистика салаларының бірінде білімі мен тәжірибесі болуы;
  • жасы 40-қа дейін болуы;
  • жоғары білімі болуы;
  • талдау орталықтарында, жоғары оқу орындарында, мемлекеттік қызметте, орталық мемлекеттік органдарға қарасты ұйымдарда немесе азаматтық секторда кемінде бес жыл жұмыс өтілі болуы.

Магистр, PhD немесе өзге де ғылыми дәрежесі не ғылыми атағы бар үміткерлерге басымдық беріледі.

Өтінім беру тәртібі және оқу кестесі

Конкурсқа қатысу үшін sarapshy.kipd.kz сайтына кіріп, өтінім толтыру керек. Конкурс қорытындысымен 25 қатысушы іріктеледі.

Оқу 2026 жылғы 31 қазан мен 14 қараша аралығында сенбі күндері өтеді. Сабақтар 09:30-дан 16:00-ге дейін жүреді, барлық тәжірибелік сабаққа қатысу міндетті.

Қосымша ақпаратты кімнен алуға болады

Сұрақтары бар үміткерлер мына байланыс деректері бойынша хабарласа алады:

  • 8-700-027-27-87 – Сегізбаева Бану Сегізбайқызы, b.segizbayeva@kipd.kz;
  • 8 (7172) 47-22-99 – Әли Салтанат Файзуллақызы, s.ali@kipd.kz.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button