
Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы қызметіне Роман Васильевич Скляр тағайындалды, деп хабарлайды Astananews.kz.
Тиісті Жарлыққа 2026 жылғы 5 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
«Скляр Роман Васильевич Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалсын, бұрынғы атқарған қызметінен босатылсын», – делінген Ақорда сайтында жарияланған құжатта.
Айта кетейік, 2024 жылғы 6 ақпаннан бері бұл қызметті Айбек Арқабайұлы Дәдебай атқарып келген болатын.



