Қарағанды техникалық университетінде 16 елдің 272 шетелдік студенті оқуда
Шетелдік студенттерді қарсы алу шарасы өтті
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде Study in Kazakhstan бастамасы аясында International Students Welcome Day өтті. Бұл іс-шара шетелдік студенттерді Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіне тарту, олардың оқу үдерісіне бейімделуіне қолдау көрсету және университет мүмкіндіктерін таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.
Студент құрамының география
Қазіргі таңда университетте 2026-2027 оқу жылында 16 елден келген 272 шетелдік азамат білім алады. Оның 242-сі негізгі білім беру бағдарламаларында, 30-ы дайындық бөлімінде оқыпжатыр. Осы оқу жылында университетке 172 шетелдік азамат қабылданды — 142-сі бакалавриаттың бірінші курсына, 30-ы дайындық бөліміне.
Шетелдік студенттердің басым бөлігі Ресей, Түрікменстан және Өзбекстан азаматтары. Сондай-ақ Әзербайжан, Германия, Қытай, Украина, Қырғызстан, Палестина, Армения, Ауғанстан, Тәжікстан, Индонезия, Бангладеш, Моңғолия және Беларусь азаматтары университетте білім алады.
Халықаралық ынамдастыру жұмыстары
Шетелдік талапкерлерді университетке тарту жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Өткен оқу жылында университет өкілдері Үндістан, Қытай, Моңғолия, Қырғызстан және Өзбекстанға барып, әлеуетті талапкерлермен кездесулер өткізді. Осы кездесулерде инженерлік-техникалық бағыттағы білім беру бағдарламалары, қабылдау талаптары және Қазақстанда оқу мүмкіндіктері таныстырылды.
Осы жылы мемлекеттік стипендиялық бағдарламасы аясында университетке 10 шетелдік студент қабылданды — 8-і бакалавриатта, 2-і магистратурада.
Іс-шарада нелер жасалды
Welcome Day кездесуінде шетелдік студенттерге университеттің білім беру мүмкіндіктері, академиялық ұтқырлық бағдарламалары, халықаралық жобалар, цифрлық сервистер және студенттік өмір туралы толық ақпарат берілді. Университет басшылығы мен факультет декандары студенттердің барлық сұрақтарына жауап берді.
Іс-шарада шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу тәртібі мен көші-қон талаптарын сақтау мәселесіне ерекше назар аударылды. SafeTravel.kz жобасы аясында шетелдік студенттерге тегін SIM-карталар табысталды.
Дереккөз: gov.kz



