Общество

Қаскелеңде ұсақ бұзақылық жасаған екі азамат 10 тәулікке қамаққа алынды

Қаскелеңде ұсақ бұзақылық жасаған екі азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзған 41 және 34 жастағы екі тұрғынды анықтады.

Тексеру барысында олардың қоғамдық орында айналасындағыларға анық құрметсіздік танытқаны белгілі болды. Жиналған материалдар негізінде әрекеттері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің ұсақ бұзақылық бабымен сараланды.

Сот шешімімен екі құқық бұзушыға да 10 тәулікке әкімшілік қамақ жазасы тағайындалды.

Полиция қызметкерлері азаматтармен құқық бұзушылықтың қайталануына жол бермеу мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Полиция тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтап, заң талаптарын бұзбауға шақырады.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button