Құрылтай депутаттары Астанадағы Достық үйінде этномәдени бірлестіктермен кездесті
Астанадағы Достық үйінде Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары этномәдени бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен және жастармен кездесу өткізді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесуге депутаттар Сергей Пономарев, Евгений Больгерт және Шерзод Пулатов қатысты. Олар Құрылтай жұмысының негізгі бағыттарын, заң шығару бастамаларын және депутаттық қызметтің басым міндеттерін таныстырды.
Жиында ел бірлігін нығайту, қоғамдық келісімді сақтау және мемлекет пен қоғам арасындағы диалогты дамыту мәселелері талқыланды. Пікір алмасу барысында этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен жастар депутаттарға қызықтырған сұрақтарын қойып, өз ұсыныстарын айтты. Сондай-ақ қатысушылар қоғамдағы өзекті мәселелер жайлы пікірлерін ортаға салды.
Дереккөз: gov.kz



