Культура

Түркістанда этносаралық қатынастар бойынша құқықтық сауаттылық семинары өтті

Түркістан қаласындағы Достық үйінде этносаралық қатынастар саласындағы құқықтық сауаттылықты арттыруға арналған семинар өтті. Іс-шараға ғылыми қауымдастық пен жоғары оқу орындарының өкілдері, сондай-ақ құқық саласының мамандары қатысты.

Семинарда этносаралық қатынастарды құқықтық тұрғыдан реттеудің негіздері, азаматтардың құқықтары мен міндеттері сөз болды. Сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алу, ұлтаралық араздық пен кемсітушілікке жол бермеу мәселелері талқыланды. Жиында Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидатын ұстанудың маңызына ерекше назар аударылды.

Қатысушылар қоғамдағы тұрақтылықты сақтау үшін заң талаптарын орындау, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және қоғамдық келісімді нығайту қажет екенін атап өтті. Семинар соңында қатысушылар пікір алмасып, қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Іс-шараны Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырды.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button