Общество
Жамбыл облысында вандализмге қатысты 82 құқық бұзушылықтың жолы кесілді
Жамбыл облысында биыл вандализмге қатысты 82 құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Мұндай фактілер бойынша заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.
Қоғамдық мүлікті бүлдіру, қабырғаларға заңсыз жазба жазу, ескерткіштер мен абаттандыру нысандарына зиян келтіру жай тәртіпсіздік емес. Мұндай әрекеттер үшін заңмен жауапкершілік көзделген. Вандализм үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, ал заң бойынша жауапкершілік 14 жастан басталады.
Полиция тұрғындарды қоғамдық орындарда тәртіпті сақтауға және ортақ мүлікке ұқыпты қарауға шақырады. Таза әрі көрікті орта баршаға ортақ, оны сақтау әрбір адамның міндеті.
Дереккөз: gov.kz


