Культура
«Түркістан – қамқорлық мекені» акциясында жастар көмекке мұқтаж отбасына жәрдемдесті
Түркістан облысында «Инклюзивті қоғам» жобасы аясында «Түркістан – қамқорлық мекені» акциясы өтті. «Ел жастары» өкілдері көмекке мұқтаж отбасының үйіне барып, ауланы тазалап, үй шаруасына көмектесті.
Акцияның мақсаты – жастар арасында өзгеге жанашырлықпен қарау қасиетін насихаттап, олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру. Бастама қоғамдық ұйымдар мен белсенді жастарды қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсетуге жұмылдырды.
Акция Халықаралық қарттар күніне орай ұйымдастырылды. Ол егде жастағы азаматтарға қамқорлық көрсетуге бағытталған бастамалардың жалғасы болды. Ақпаратты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі таратты.



