Ақпаратқа қол жеткізу комиссиясы мемлекеттік органдардың ашықтығын талқылады
Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі ведомствоның ашықтығын қамтамасыз ету және азаматтарға ақпарат беру мүмкіндігін кеңейту бойынша атқарылған жұмыстарды таныстырды.
Мемлекеттік қызметтер туралы бірыңғай база таныстырылды
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өкілі ақпарат қолжетімділігін арттыруға арналған жаңа тетік – Бірыңғай білім базасын ұсынды. Бұл платформа арқылы азаматтар мемлекеттік қызметтер жайлы өзекті әрі қажетті ақпаратты, сондай-ақ күнделікті сұрақтарға жауапты бір жерден ала алады.
Денсаулық сақтау министрлігіне бірқатар ұсыныс берілді
Отырыстың қорытындысында комиссия Денсаулық сақтау министрлігіне өз қызметінің ашықтығын жетілдіру жұмысын жалғастыруды және ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуге қатысты анықталған барлық кемшіліктерді жыл соңына дейін жоюды ұсынды.
Дереккөз: gov.kz



