Абай облысы Үржар ауданында 316-шы «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды
Абай облысы Үржар ауданы Бестерек ауылдық округіндегі Бестерек ауылында «Ауыл құтқарушылары» жобасы аясында ерікті өртке қарсы жаңа құралым ашылды. Бұл бекет Бестерек, Қазымбет және Ер Қабанбай ауылдары үшін жұмыс істейді. Жауапкершілік аумағында 671 үй бар, онда 2 221 адам тұрады.
Ашылу рәсіміне Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Еркін Отарғалымұлы, Үржар ауданының әкімі Ақылбек Жұмабекұлы, жеке құрам мен жергілікті тұрғындар қатысты. Жаңа өрт сөндіру бекеті жергілікті бюджет қаржысына салынды және өрт сөндіру техникасы мен қажетті құрал-жабдықтармен толық жабдықталды.
Ерікті өрт сөндірушілер төтенше жағдайларда жедел әрекет етуге дайын. Жаңа бекет оқиға орнына жету уақытын қысқартып, үш ауылдың тұрғындары үшін қауіпсіздік деңгейін арттырады.
Дереккөз: gov.kz



