Общество

Әсем Орынбай Қазақстанға алғашқы олимпиадалық лицензия әкелді

Сержант Әсем Орынбай Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубының атынан Дохада (Катар) өткен әлем чемпионатына қатысты. Ол стенд атудан өнер көрсетіп, Қазақстан құрамасына 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасына алғашқы лицензияны әперді.

Әлем чемпионатындағы нәтижесі

Әйелдер арасындағы жекелей жарыстың іріктеу кезеңінде Әсем Орынбай 125 нысананың 121-іне дөп тигізді. Қосымша атудан кейін финалға шыққан спортшы шешуші кезеңде 24 нысананың 20-сын атып түсірді.

Қазақстан құрамасына алғашқы жолдама

Осы нәтижесінің арқасында Әсем Орынбай үздік бестікке енді. Бұл көрсеткіш Қазақстанға 2028 жылы өтетін Олимпиада ойындарына әйелдер арасындағы стенд атудан алғашқы лицензияны иеленуге мүмкіндік берді.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button