Общество

Өрт сөндіру-құтқару спорты әлем чемпионатының екінші күні: Қазақстан бесінші орында

Баку қаласында өтіп жатқан өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша XXI ерлер және XII әйелдер арасындағы әлем чемпионаттарының екінші жарыс күні мәресіне жетті.

Екінші кезеңде спортшылар «100 метрлік кедергілері бар жолақтан өту» жарысында бақ сынады. Бұл кезеңде қатысушылар жылдамдық, төзімділік пен үйлесімділігін көрсетті.

Ерлер командаларының нәтижелері

  • 1-орын – Ресей (93,26 секунд)
  • 2-орын – Беларусь (93,54 секунд)
  • 3-орын – Өзбекстан (93,89 секунд)
  • 4-орын – Қытай (95,90 секунд)
  • 5-орын – Қазақстан (96,67 секунд)

Әйелдер командаларының нәтижелері

  • 1-орын – Ресей (96,86 секунд)
  • 2-орын – Өзбекстан (98,62 секунд)
  • 3-орын – Беларусь (99,74 секунд)
  • 4-орын – Қазақстан (100,72 секунд)
  • 5-орын – Германия (118,16 секунд)

Келесі кезең: Өрт эстафетасы

Чемпионат жарыстары жалғасуда. Бүгін қатысушылар «4×100 метрлік өрт эстафетасы» бойынша өзара жарысады. Қазақстан ұлттық құрамалары жаңа кезеңде жақсы нәтиже көрсетуге ұмтылады.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button