Главные новости

Астанада балалардың цифрлық қауіпсіздігі мен құқықтары халықаралық деңгейде талқыланды

Астанада «Цифрлық әлемдегі балалар: құқық, қауіпсіздік және жасанды интеллект» атты халықаралық диалог алаңы өтті. Жиынға Орталық Азия елдері, Қытай, Финляндия, Жапония және БҰҰ өкілдері, сондай-ақ жас құқық қорғаушылар мен мектеп кеңесінің мүшелері қатысты. Іс-шараны елорданың Бала құқықтарын қорғау басқармасы ұйымдастырды.

Балалардың белсенді қатысуы

Кездесудің басты ерекшелігі – балалардың тікелей араласуы болды. Олар баяндамаларды тыңдап қана қоймай, сарапшылармен қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде пікір алмасты. Өздерін қызықтырған сұрақтарды ашық қойды.

Талқыланған негізгі мәселелер

  • Нейрожелілердің мүмкіндіктерін пайдалану мен сыни ойлау арасындағы тепе-теңдікті сақтау;
  • Жеке деректерді қорғау, кибербуллингтің алдын алу және интернетті қауіпсіз пайдалану;
  • Цифрлық ортада заңға бағыну, кітап оқуға, спортқа және отбасымен байланысқа көңіл бөлу.

Ұсыныстар мен халықаралық тәжірибе

Қатысушылар ұлттық цифрлық платформаларды құру, балаларға арналған SIM-карталарды енгізу және өзге өзекті мәселелер бойынша халықаралық тәжірибемен бөлісті. Сондай-ақ, шешім қабылдаушы тұлғаларға арналған нақты ұсыныстар әзірленді.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button