Общество

Қарағандыда абаттандыру ережесін бұзған екі тұрғынға айыппұл салынды

Қарағанды қаласының жедел басқару орталығы аула аумағында абаттандыру ережесінің екі рет бұзылғанын тіркеді. Алдымен қала тұрғыны ескі шкафын аулаға шығарып тастап кеткен. Көп ұзамай оның көршісі де камералар алдында қажетсіз жиһазын осылайша тастады.

Полиция қызметкерлері тәртіп бұзушыларды дереу анықтап, екеуіне де әкімшілік хаттама жасады. Бұл әрекеттері үшін тұрғындар жауапқа тартылды.

Қалалық полиция ірі көлемді және құрылыс қалдықтарын қарапайым контейнерлерге не ауланың кез келген жеріне тастауға болмайтынын ескертеді. Мұндай қалдықтарды шығару жұмыстарын тұрғындардың өздері ұйымдастыруы тиіс.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button