Общество

Республика күніне орай әскери бөлімдерде Мемлекеттік Ту салтанатты түрде көтерілді

Республика күніне байланысты Қазақстанның барлық әскери бөлімдері мен мекемелерінде, сондай-ақ Қарулы күштердің түрлері мен Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарында Мемлекеттік Ту көтеруге арналған салтанатты рәсім ұйымдастырылды.

Көк байрақты көтеру – ел тәуелсіздігі мен ұлттық бірлікті паш ететін маңызды шара. Мемлекеттік Ту – еліміздің егемендігі мен халқымыздың ортақ мақтанышының белгісі ретінде танылды.

Мереке аясында қызметін мінсіз атқарған және жоғары нәтижеге қол жеткізген әскери қызметшілерге қолбасшылық тарапынан алғыс хаттар мен грамоталар тапсырылды.

Әскери қызметшілер «Менің Қазақстаным» челленджіне қатысып, «Қыран елім – Қазақстаным» патриоттық акциясына да белсенді атсалысты. Әскери бөлімдерде өткен бұл мерекелік іс-шаралар Отанға деген сүйіспеншілік пен ел бірлігін нығайтуға, тәуелсіздік құндылықтарын дәріптеуге бағытталды.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button