Экономика
Республика күнімен құттықтау: ел бірлігі мен дамуы
Республика күні – еліміздің тәуелсіздігін бағалап, ортақ болашақ үшін жауапкершілікті сезіндіретін айтулы мереке. Бұл күн халықтың бірлігі мен ынтымағының маңызын айшықтайды.
Қазақстанның дамуы – әрбір азаматтың еңбегі мен ел игілігі жолындағы қажырлы әрекетіне тікелей байланысты. Өндірісті өркендету, тұрғын үй салу, инфрақұрылымды жетілдіру сияқты жұмыстар елдің дамуына үлкен үлес қосады.
Барша қазақстандықтарға амандық, береке және еңбекте табыс тілейміз. Еліміз тыныш, тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Дереккөз: gov.kz



