Общество

ШҚО-да дрондар заңсыз қоқыс орындарын анықтауға қолданылады

Шығыс Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында дрондар заңсыз қоқыс тастау орындары мен абаттандыру ережелерінің бұзылуын анықтауға қолданылуда. Полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірге аумақтарды әуеден бақылап, қоқысты заңсыз төккен жерлер мен оған жауапты азаматтарды анықтауда.

Биыл анықталған заңсыз қоқыс орындары

2024 жылдың басынан бері облыста абаттандыру бойынша 8 117 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Барлығы 203 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі анықталып, олардың 185-і жойылды. Бұдан бөлек, жергілікті атқарушы органдар мен заңды тұлғалардың атына 11 ұсыныс жолданды.

Дрондардың тиімділігі және полиция ескертуі

Ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану арқылы қол жетуі қиын аумақтар да қамтылуда және олардың тазалығы тиімді бақылануда. Құқық бұзушылықтарды анықтау мен кінәлілерді жауапқа тарту шаралары жалғасып жатыр. Полиция тұрғындар мен кәсіпкерлерге абаттандыру ережелерін сақтауға, қалдықтарды арнайы орындарға тастауға және өңір тазалығына жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button