Общество

Көлік министрлігінде Республика күніне арналған салтанатты шара өтті

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде Республика күніне байланысты салтанатты шара өтті. Іс-шараға министрлік басшылығы, қызметкерлер, салалық ұйымдардың өкілдері және көлік саласының ардагерлері жиналды.

Рәсім барысында көлік саласын дамытуға сіңірген еңбегі, кәсібилігі және адалдығы үшін бірқатар қызметкер марапатталды. Сонымен қатар мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған қызметкерлер салтанатты түрде ант берді.

Министр Нұрлан Сауранбаев құттықтау сөзінде көлік саласы мамандарының ел дамуына және халықтың әл-ауқатын жақсартуға қосқан үлесін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, күн сайын мыңдаған адам көлік саласында еңбек етіп, елдің өңірлерін байланыстыруға және экономиканы дамытуға атсалысып келеді.

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button