Общество

Қазақстан мен Өзбекстан қоршаған ортаны қорғаудағы әріптестікті күшейтеді

Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрі Әлихан Қуантыров пен Өзбекстанның Экология және климаттың өзгеруі жөніндегі ұлттық комитеті төрағасының орынбасары Ислом Кутбиддинов бүгін кездесті. Кездесуде тараптар қоршаған ортаны қорғау бағытындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін сөз етті.

Әсіресе, «Таза ауа» консорциумын құру бастамасына баса мән берілді. Екі ел өкілдері бұл бастаманы жетілдірудің жолдарын және ұсыныстарды талқылап, ынтымақтастықтың келешегін қарастырды.

Кездесу соңында Қазақстан мен Өзбекстан БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының 31-ші конференциясына (COP31) белсенді қатысуға дайын екендерін мәлімдеді. Тараптар қоршаған ортаны қорғау саласындағы әріптестікті әрі қарай дамытуға ниетті екенін растады.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button