Главные новости
Астанада көмір сату орындары мен бағалары анықталды
Астанада тұрғындарға көмір сату үшін 14 арнайы орын мен 10 қойма жұмыс істеп тұр. Бұл нысандар тиеу-түсіру техникасымен және қажетті инфрақұрылыммен толық жабдықталған. Көмір сатумен 8 компания айналысады.
Көмір сату орындарының мекенжайлары
Көмірді төмендегі мекенжайлардан сатып алуға болады:
- Герцен көшесі, 4/1
- Герцен көшесі, 6/2
- Көктал көшесі, 28/2
- Мақат көшесі, 40
- Жамбыл Жабаев көшесі, 76
- Дулатов көшесі, 182/1
- Мақат көшесі, 4/1
- 70-проезд, № 9А
- ЖЭО-2
- 101-көше, 30Б
- Литейная көшесі, 44
- Көктал көшесі, 28
- Герцен көшесі, 6Б
Көмір бағалары және байланыс нөмірі
Қазіргі кезде көмірдің орташа бағасы төмендегідей:
- Шұбаркөл – тоннасы 19 500 теңге
- Қаражыра – тоннасы 18 800 теңге
- Майкүбі – тоннасы 16 800 теңге
Тұрғындар 109 нөміріне хабарласып, көмірдің қоры, бағасы мен сату орындарындағы қолжетімділігі туралы шұғыл ақпарат ала алады.
Дереккөз: gov.kz



