Общество

Көлік вице-министрі Ақмола облысы тұрғындарымен көлік мәселелерін талқылады

2026 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов Ақмола облысының тұрғындарымен кездесті. Жиында өңірдің көлік инфрақұрылымын дамыту, автомобиль жолдарының жағдайы, теміржол және автобус қатынасы, әуежайдың жаңғыртылуы мәселелері сөз болды.

Теміржол мен автобус бағыттарын кеңейту ұсынылды

Кездесуде тұрғындар жолаушылар пойыздарының санын көбейту, шағын елді мекендерге арналған пойыз қозғалысының кестесін қайта қарау, жоғары жылдамдықты теміржол қатынасын дамыту және Көкшетау мен Астана арасындағы маршруттық желіні кеңейту туралы ұсыныстар айтты.

Автомобиль жолдарын жөндеу мен сақтау мәселелері

Көлік жолдарының сапасына да назар аударылды. Тұрғындар Көкшетау – Омбы және Жақсы – Чистополье бағыттарындағы жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімін, сондай-ақ облыстық маңызы бар Еленовка – РММ – Чистополье автомобиль жолын жөндеу жоспарын сұрады.

Автобус паркін жаңарту және әуежайды жаңғырту

Автобус паркін жаңарту, жолаушылар тасымалының қауіпсіздігі мен сапасын жақсарту, облыстық әуежайды жаңғырту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, автобус тасымалдарын субсидиялау, тарифтерді белгілеу тәсілдерін қайта қарау және жүргізушілерге жеңілдіктер беру жайы қарастырылды.

Тұрғындар өтініштері қаралды

Кездесу соңында вице-министр азаматтарды жеке қабылдап, екі тұрғынның өтінішін тыңдады. Көтерілген барлық мәселелер бойынша тиісті түсініктемелер берілді.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button