Общество

Вице-министр Жомарт Әлиев Түркістандағы экология департаментінде кездесу өткізді

Экология және табиғи ресурстар министрінің тапсырмасына сәйкес, вице-министр Жомарт Әлиев Түркістан облысы бойынша экология департаментіне барып, департамент ұжымымен кездесті. Бұл сапар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесуде департаменттің негізгі қызмет бағыттары, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау және қызмет барысында заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету жайы талқыланды. Сонымен қатар, жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің адалдық пен жауапкершілік қағидаттарын ұстануы мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Жиында ұжым мүшелерінің ұсыныстары тыңдалып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, халықпен тиімді байланыс орнату және алдағы атқарылатын жұмыстар жөнінде пікір алмасты.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button