Экономика

Маркілеуге жататын тауарлар тізбесіне өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасы әзірленді

Сауда және интеграция министрлігі маркілеуге жататын тауарлар тізбесіне өзгеріс енгізу туралы бұйрық жобасын әзірледі. Бұл құжат 2026 жылғы 26 мамырдағы № 199-НҚ бұйрығына түзету енгізуді көздейді.

Бұйрық жобасы Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 7-бабының 2-4) тармақшасына сәйкес дайындалған. Өзгерістер маркілеуге жататын өнімдердің тізімін және енгізу мерзімін нақтылауға бағытталған.

Жоба 2026 жылғы 11 қарашадан 26 қарашаға дейін Ашық нормативтік құқықтық актілер порталында қоғамдық талқылау үшін қолжетімді. Осы кезеңде азаматтар өз ұсыныстарын қалдыра алады.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button