Культура
Берлинде Қазақстан киносы күндері өтті
Берлинде Қазақстан киносы күндері өтті. Бағдарлама бойынша «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» және «Жерұйық» көркем фильмдері көрермен назарына ұсынылды.
Іс-шараның ашылуында Қазақстанның Германиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрлан Онжанов құттықтау сөз сөйледі. «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмінің көрсетілімі алдында режиссер Рүстем Әбдірашев тарихи оқиғалар мен фильмнің түсірілу барысы туралы баяндады.
Кино көрсетілімдеріне қала тұрғындары, студенттер, неміс кинорежиссерлері, іскер топ өкілдері және қазақ диаспорасының мүшелері қатысты. Қазақстан киносы күндері «Жерұйық» фильмінің көрсетілімімен жалғасты, көрермендер тарихи сана мен рухани құндылықтарға негізделген отандық кинотуындымен танысты.
Дереккөз: gov.kz


