Энергетика министрлігі Қарашығанақ газ өңдеу зауытын салу жобасын үйлестіруде
Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаевтың жетекшілігімен жылына 5 млрд текше метр газ өңдейтін Қарашығанақ газ өңдеу зауытының құрылысына қатысты жиын өтті.
Кеңеске «QazaqGaz» ҰК» АҚ, Қарашығанақ жобасының акционерлері, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен PSA уәкілетті орган өкілдері қатысты. Қатысушылар жобаның бастапқы кезеңіндегі жұмыстарды, газ құбырын салу, қосылу нүктесін анықтау және шикі газды есепке алу мәселелерін қарастырды.
Сонымен қатар, коммерциялық шарттарды келісу, оның ішінде шикі газды әкету қызметтері туралы келісім (Evacuation Service Agreement), осы қызмет үшін төлем (Evacuation Service Fee) және шикі газды жеткізу шарттарына ерекше көңіл бөлінді. Энергетика министрлігі жобаның жүзеге асу барысын тұрақты назарда ұстап, техникалық және коммерциялық мәселелерді уақытылы шешу үшін барлық мүдделі тараптардың жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ететінін мәлімдеді.
Дереккөз: gov.kz



