Культура

Астанада «Пиноккионың басынан кешкен оқиғалары» қазақша толық нұсқасы таныстырылды

Астанада италиялық жазушы Карло Коллодидің «Пиноккионың басынан кешкен оқиғалары» кітабының қазақ тіліндегі толық аудармасы алғаш рет таныстырылды. Басылым түпнұсқа итальян тілінен тікелей тәржімаланып, автордың туғанына 200 жыл толуына орай жарыққа шықты.

Тұсаукесерге қатысушылар

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Рустам Әли, Италияның Қазақстандағы елшісі Антонелло Де Риу, Алматыдағы Италия мәдениет институтының директоры Эдоардо Кризафулли, Карло Коллодидің 200 жылдығын атап өту жөніндегі Ұлттық комитет төрағасы Джордано Бруно Герри, баспа саласының өкілдері, жобаның серіктестері және оқырмандар қатысты.

Балалар әдебиетін дамыту жобасы

Вице-министр Рустам Әли Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті. Ол балалар әдебиетіне, аударма ісіне және баспа саласына ерекше мән беріліп отырғанын айтты. Оның сөзінше, «Пиноккионың басынан кешкен оқиғалары» шығармасын қазақ тіліне толық аудару – жас ұрпақтың кітапқа қызығушылығын арттыруға, әлемдік әдебиеттің үздік туындыларын қолжетімді етуге ықпал етеді.

Жобаны іске асырғандар

Кітапты Steppe & World Publishing баспасы Италияның Қазақстандағы елшілігі, Алматыдағы Италия мәдениет институты және ForteBank-тің қолдауымен шығарды. Баспа 2018 жылдан бері балалар мен ересектерге арналған 200-ден астам кітап жариялап, қазақ тілді аударма әдебиетінің дамуына үлес қосып келеді.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button