Культура

Алматыда Ақжар Қапесовтің 80 жылдығына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында белгілі өнер қайраткері, ұстаз, профессор Ақжар Қапесовтің туғанына 80 жыл толуына байланысты «Ұстаз өнегесі – ұрпаққа аманат» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға мәдениет және өнер саласының өкілдері, академияның профессор-оқытушылары, студенттер және Ақжар Қапесовтің отбасы мүшелері қатысты. Жиында оның өмірі мен шығармашылығы туралы деректі фильм көрсетілді.

Қатысушылар Ақжар Қапесовтің сахна пластикасын дамытуға, шәкірт тәрбиелеуге қосқан үлесін және көпжылдық ұстаздық қызметін атап өтті. Сондай-ақ, ол Мемлекеттік ән және би ансамблінде бас балетмейстер болып еңбек еткен және «Президент шыршасы», «Наурыз мейрамы», «Ақ Жол» тәрізді ірі театрландырылған қойылымдардың режиссері болған.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button