Общество

Теміржол арқылы 86,7 млн тонна көмір тасымалданды – 2024 жылдың 10 айы

2024 жылдың алғашқы он айында Қазақстанда теміржол көлігімен 86,7 млн тонна көмір тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 пайызға жоғары көрсеткіш.

Көмір экспорты мен ішкі нарыққа жеткізу көлемі

Жалпы тасымалданған көмірдің 28 млн тоннасы шетелге экспортталды. Бұл өткен жылғы деңгейге сай келеді. Ішкі нарыққа 58,6 млн тонна көмір жөнелтілді, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2 пайызға көп.

Ішкі тасымал көлемінің ішінде 54,5 млн тонна көмір жылу электр орталықтарына (ЖЭО) жеткізілді. Ал 4,1 млн тонна көмір халықтың коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін тасымалданды.

Жылыту маусымына көмір жеткізу

Жылыту маусымының тұрақты өтуі үшін ЖЭО мен коммуналдық-тұрмыстық секторға көмір үздіксіз жеткізілуде. 2024 жылдың мамыр-қазан айлары аралығында ел бойынша 35 млн тонна көмір тасымалданды. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен бірдей. Оның ішінде 32 млн тоннасы ЖЭО-ларға, 3 млн тоннасы коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге арналды.

Көмір тасымалын қамтамасыз ететін вагон паркі

Көмірді үздіксіз тасымалдау үшін «Қазтеміртранс» АҚ-ның қарамағында 29 мың жартылай вагон бар. Бұл жылжымалы құрам елдегі көмір тасымалдау сұранысын толықтай қамтамасыз етеді.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button