Общество

Астанада тұрғын баласының туылғанына орай отшашу жасап, бес тәулікке қамалды

Астанада түнгі уақытта пиротехникалық бұйымдарды пайдалану және қоғамдық тәртіпті бұзу деректерін анықтау жұмыстары жалғасып жатыр. Қалада 35 жастағы тұрғын баласының дүниеге келуін атап өту үшін көпқабатты үйлердің арасындағы аумақта отшашу жасаған.

Бұл шара кезінде пиротехникалық бұйымдардың қатты дыбыстары тұрғындардың тыныштығын бұзған. Аталған азаматқа ұсақ бұзақылық және тыныштықты бұзу бойынша заң аясында шара қолданылды.

Сот шешімімен ер адам бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Полиция пиротехникалық бұйымдарды қолданғанда қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзу заңмен жазаланатынын ескертті.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button