Экономика

Астанада «Соғым-FEST» ет жәрмеңкесі өтіп жатыр: 1 000 тоннадан астам ет сатылады

7 және 8 қарашада Астанада «Соғым-FEST» ет жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Шара Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен өтуде. Жәрмеңкеде қала тұрғындары мен қонақтары отандық шаруалардан ет өнімдерін делдалсыз, қолжетімді бағамен сатып ала алады.

Жәрмеңкеге қатысушы өңірлер

Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер Ақмола, Абай, Қарағанды, Павлодар және басқа да облыстардан арнайы келді. Ұйымдастырушылар жоба аясында 1 000 тоннадан астам ет өнімін сату жоспарланғанын хабарлады.

Шараның негізгі мақсаты

«Соғым-FEST» жәрмеңкесі отандық ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қолдау көрсетуді, өнімдерді тікелей тұтынушыға жеткізуді және халыққа азық-түлік өнімдерін қолжетімді етуге бағытталған.

Жәрмеңке өтетін орындар мен уақыты

Жәрмеңке 7 және 8 қараша күндері сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін үш сауда алаңында өтеді:

  • «Keruen Joly» сауда орталығы – Алаш тасжолы, 35Б;
  • «Ет Әлемі» сауда орталығы – Алаш тасжолы, 31/1;
  • «Jurt» сауда орталығы – Бейбарыс Сұлтан көшесі, 3.

Болашақ жоспарлар

Ұйымдастырушылар алдағы уақытта «Соғым-FEST» жәрмеңкесін әр демалыста өткізу және елордадағы тәжірибені Қазақстанның басқа өңірлеріне тарату жоспарын бөлісті.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button