Общество
Қызылордада полицейлер батпақта қалған шетелдік туристерге жәрдемдесті
Қызылорда облысында полицейлер қиын жағдайға тап болған шетелдік туристерге дер кезінде көмек көрсетті. Қытай мен Ресейден келген саяхатшылар Арал теңізі маңын аралап жүргенде, мінген көліктері батпаққа батып қалған.
Туристер бейтаныс жерде қалып қойып, «102» нөміріне хабарласып, жәрдем сұраған. Оқиға орнына Арал аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Ержан Құлекенов пен табиғат қорғау инспекторы Нұрсұлтан Сағымбаев шұғыл жетті.
Полиция қызметкерлері жергілікті тұрғындардың көмегімен туристердің көліктерін батпақтан шығарып берді. Нәтижесінде, саяхатшылар сапарларын еш кедергісіз жалғастырды. Бұл оқиға тәртіп сақшыларының төтенше жағдайларда да халыққа көмек көрсетуге дайын екенін көрсетті.
Дереккөз: gov.kz



