Общество

Қазақстан мен Өзбекстан әуе рейстерінің санын көбейтуге келісті

Ташкентте өткен «Қытай – Орталық Азия» азаматтық авиация саласындағы жұмыс тобының конференциясы аясында Қазақстан мен Өзбекстанның авиация саласындағы өкілдері екіжақты келіссөздер жүргізді. Қазақстан делегациясын Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева, ал Өзбекстандық тарапты Әуе көлігі басқармасының басшысы Джамолиддин Назаров басқарды.

Алматы мен Астана рейстері аптасына 60-қа дейін көбейеді

Келіссөздер барысында тараптар әуе қатынасын кеңейту және тұрақты рейстердің жиілігін арттыру мәселесін талқылады. Алматы – Ташкент және Астана – Ташкент бағыттарының әрқайсысы бойынша аптасына рұқсат етілген рейстер саны 60-қа дейін көбейтілмек.

Басқа бағыттардағы рейстер саны ұлғаяды

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы басқа бағыттар бойынша да аптасына рұқсат етілген рейстер саны 14-тен 20-ға дейін артады. Бұл өзгерістер сұранысы жоғары бағыттардағы әуе тасымалын көбейтуге мүмкіндік береді.

Іскерлік және туристік байланыстар нығаяды

Екі ел арасындағы жолаушылар ағынының өсуі мен іскерлік, туристік байланыстардың дамуы әуе қатынасына деген сұранысты арттырып отыр. Жаңа келісімдер Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы көлік қатынасын одан әрі нығайтуға жол ашады.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button