Астана спортшылары тоғыз айда 5 700-ге жуық медаль иеленді
Астана спортшылары биылғы тоғыз айда республикалық және халықаралық жарыстарда белсенді өнер көрсетіп, 5 696 медальға қол жеткізді. Бұл көрсеткіш 1 472 түрлі жарысты қамтиды. Жеңіп алынған марапаттардың ішінде 2 149 – алтын, 1 803 – күміс, 1 744 – қола медаль.
Азия және әлем чемпионаттарындағы жетістіктер
Елордалық спортшылар 2026 жылы спорттың 12 түрінен өткен 15 Азия чемпионатына қатысып, 23 медаль иеленді. Оның 9-ы – алтын, 8-і – күміс, 6-ауы – қола. Ал 11 спорт түрінен ұйымдастырылған 12 әлем чемпионатында тағы 23 жүлде бар: 10 алтын, 8 күміс және 5 қола.
Параспортшылардың нәтижелері
Астана құрамасының параспортшылары да жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Олар 9 спорт түрінен өткен 9 Азия чемпионатында 32 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 16-сы – алтын, 12-сі – күміс, 4-еуі – қола. Сонымен қатар, 6 әлем чемпионатында 14 медальға қол жеткізді: 2 алтын, 6 күміс және 6 қола.
Жаңа жарыстарға дайындық
2026 жылғы қарашада елордалық параспортшылар парастол теннисі, армрестлинг және пауэрлифтингтен өтетін үш әлем чемпионатына қатысуды жоспарлап отыр.
Дереккөз: gov.kz


