Общество
Ауыл құтқарушыларының 304-ші ерікті өртке қарсы құрамы Ақтөбе облысында ашылды
Ақтөбе облысының Хромтау ауданына қарасты Қопа ауылында «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымының 304-ші бекеті ашылды. Жаңа өрт сөндіру бекеті 1 228 тұрғыны бар екі ауылдың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Ашылу рәсіміне Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қаһарман Оразалин, Хромтау ауданының әкімі Нұрхан Тлеумұратов, ауыл тұрғындары мен гарнизон қызметкерлері қатысты. Жергілікті билік өкілдері өрт сөндірушілерге қызмет пен демалысқа арналған қажетті жағдай жасаған. Ал Төтенше жағдайлар министрлігі бекетті өрт сөндіру техникасымен жабдықтады.
Жаңа өрт сөндіру нысаны оқиға орнына жету уақытын қысқартып, өрт пен түрлі төтенше жағдайларға дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік береді.
Дереккөз: gov.kz



