Общество

Көкшетауда «Таза қала» акциясы барысында есірткі жарнамасы анықталды

Көкшетау қаласында «Қауіпсіз үй» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында «Таза қала» акциясы өтті. Шараға полиция қызметкерлері, қоғамдық ұйым мүшелері және белсенді жастар қатысты.

Акция Көкшетау қаласы полиция басқармасы алдында өткен жиыннан басталды. Оған учаскелік инспекторлар, есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің мамандары, Ақмола облысы полиция департаментінің жанындағы есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу кеңесінің өкілдері, «Жастар Рухы» жастар қанаты және еріктілер қатысты.

Жиыннан кейін қатысушылар бірнеше топқа бөлініп, қаланың тұрғын үй алаптарын аралады. Олар тұрғындарға ақпараттық материалдар үлестіріп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік және көмек көрсету тәртібі туралы түсіндірді. Сонымен қатар, есірткі қылмысының алдын алу бойынша да жұмыс жүргізілді. Полиция қызметкерлері тұрғын үй секторын аралап, есірткі зертханалары болуы мүмкін нысандарды тексерді. Сондай-ақ, есірткі жарнамасы мен тыйым салынған интернет-ресурстарға сілтемелері бар төрт граффити анықталып, боялғаны хабарланды.

Акцияның негізгі мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тұрғындарды белсенді тарту және құқық бұзушылықтың алдын алу. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар полиция мен қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, жастардың қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button