Культура
Атырауда медиаторларға арналған екі күндік оқыту семинары басталды
Атырау қаласында «Бітімгершілік мәдениеті: қоғамдық келісім мен бірліктің негізі» республикалық форумының аясында медиаторларға арналған оқыту семинары басталды. Семинар 27-28 қазан күндері өтеді.
«Медиация негіздері және қақтығыстарды басқару» деп аталатын бұл шарада қатысушылар қақтығыстарды тиімді басқару әдістерін меңгереді және дауларды бейбіт жолмен шешудің практикалық тәсілдерін үйренеді.
Семинар барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, тиімді диалог жүргізу жолдарын, сондай-ақ тараптардың ортақ шешімге келу тәсілдерін талқылайды. Бұл оқыту медиация институтын дамытуға, бейбіт келісім мәдениетін қалыптастыруға және қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған.
Дереккөз: gov.kz



