Общество

Рүстембек Кенганов ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы филиалын басқарады

Рүстембек Кенганов 2018 жылдан бастап Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының басшысы қызметін атқарып келеді. Ол медицина саласында 30 жылдан астам уақыт еңбек еткен тәжірибелі маман.

1997 жылы Алматы мемлекеттік медицина университетін аяқтаған соң, еңбек жолын Мақтаарал ауданындағы ауылдық дәрігерлік амбулаторияда терапевт болып бастаған. 2004 жылы осы мекемеде дәрігерлік-еңбек сараптамасы бөлімінің сарапшы дәрігері қызметін атқарды. 2008-2013 жылдары Қызылжар аудандық ауруханасында терапевт, кейін отбасылық амбулаторияның аға дәрігері лауазымында жұмыс істеді. 2013-2018 жылдары облыстық жедел медициналық жәрдем орталығында кардиологиялық бригада дәрігері болып қызмет етті.

Рүстембек Кенганов төтенше жағдайлар саласына адам өмірін құтқаруға атсалысу үшін келгенін айтады. Ол әрдайым көмекке мұқтаж азаматтарға жедел қолдау көрсетуге дайын, ұжым жұмысын тиімді ұйымдастырады. Өз кәсібилігі мен жауапкершілігінің арқасында әріптестерінің және азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің құрметіне ие болды.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button