Главные новости

Елордада Республика күніне орай 120-дан астам іс-шара ұйымдастырылды

Астанада Республика күніне байланысты 120-дан астам мәдени-танымдық, ағартушылық, спорттық, экологиялық және әлеуметтік бағыттағы шаралар өткізілді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Мерекелік бағдарламалар мектептер, мәдениет мекемелері, Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары және әлеуметтік желілерде өтті. Әлеуметтік желілерде мәдениет қайраткерлері, спортшылар, оқушылар мен жастар «Менің Қазақстаным» челленджіне қатысып, бейнеқұттықтауларын жариялап, елге деген сүйіспеншіліктерін білдірді.

Астанадағы мектептер мен мәдениет мекемелеріндегі шаралар

Мектептерде Республика күнінің тарихы мен мәніне арналған сынып сағаттары, пікірталастар, «Менің елім – Қазақстан» сурет байқауы, викториналар және зияткерлік ойындар өткізілді. Достық үйінде ғылыми-сараптамалық топ өкілдерімен конференция өтті. Мемлекеттік архивте оқушылар үшін «Егемен елдің ертеңі» атты кездесу ұйымдастырылды. Алты ауданның Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында концерттер мен шығармашылық кездесулер өтті.

Экологиялық және әлеуметтік бастамалар

Қалада тақырыптық көрмелер, семинарлар, дөңгелек үстелдер, әдеби кештер және түрлі әлеуметтік акциялар ұйымдастырылды. «Таза Қазақстан» акциясы аясында 7 мыңнан астам адам қатысып, 370-ке жуық алма, қарағаш пен қайың ағашы отырғызылды.

Концерттер мен мерекелік бағдарламалар

Өнеркәсіп, Өндіріс және Теміржолшылар тұрғын алаптарында, «Көктал-1» тұрғын алабындағы «Наз» мемлекеттік би театры алаңында, сондай-ақ «Қорғалжын» және «Айғыржал» скверлерінде концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. 15:00-де концерттер «Жастар» және «Ататүрік» саябақтарында, «Бағыстан» және «Жағалау» тұрғын алаптарында, «Отау» шағынауданында және Қалалық алаңда жалғасады.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button